- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтеді
Қызылордада Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтеді

Кеңес отырысы барысында «Жасыл ел» жобасының жүзеге асырылу барысы сөз болады. Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы Білім және Ғылым вице министрі Т.Балықбаев және республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі Р.Хамидуллин баяндама жасайтын болады.
«Жасыл ел» бағдарламасы мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыты болып саналады. 2005 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында «Жасыл ел» еңбек жасақтары өз жұмыстарын белсенді атқарып келеді.
9 жыл көлемінде «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздар саны 200 мың адамға жетті. 44 млн-ға жуық талдар отырғызылып, 111 мың га. жер көркейтіліп, абаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге қаржы бөлінді.
Үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында 8 аймақта (Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау) 1872 жасыл ел сарбаздары жұмысқа кірісті. Жыл аяғына дейін 13 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделуде.
Биылғы жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаға 1000 сарбаз тартылады. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының облыстық штабының ұйымдастыруымен «Менің таза қалам», «Көгалдандыруды өз аулаңнан баста», «Таза қала - таза ел», «Жасыл жапырақ» секілді жобалар жүзеге асырылып, акциялар ұйымдастырылуда.
Алдағы уақытта «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штабының материалды-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілмек. Кеңес отырысы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының штабына автобус және жеңіл автокөлік табыс етті.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді
-
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп
-
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады
-
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді

