- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңға қол қойды
Н.Назарбаев инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңға қол қойды
Шараға қол қою рәсімі ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында өтті.
Заң жобасы инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарау, инвестициялық преференцияларды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды көздейді.
Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізіліп отыр: 10 жылға корпоративтік табыс салығы және жер салығы, 8 жылға жылжымайтын мүлік салығын төлеуден босату, нысанда пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30%-ға дейін өтеу (инвестициялық субсидиялар). Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының, экологиялық төлемдер мен алымдардың «тұрақтылығын» енгізу көзделген. Бұған қоса, жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады.
Аталған заң инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беріп, елдің экономикасына шетелдік және отандық инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері