• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы «Дженерал Электрик» компаниясының Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін атап өтті

Елбасы «Дженерал Электрик» компаниясының Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін атап өтті

11 Маусым, 2014 17:58
Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Дженерал Электрик Ойл энд Газ» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Лорензо Симонеллимен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында  мұнай-газ инфрақұрылымы, энергетика, көлік, денсаулық сақтау және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметін және оны әрі қарай кеңейтуге әзірлігін атап өтті, сондай-ақ локомотив құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның өнімдерін сыртқы нарықтарға шығарудың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар компания бөлімшелерінің мемлекеттік органдармен және елдегі ұлттық компаниялармен табысты өзара ықпалдастығына тоқталып,    бірқатар инфрақұрылымдық және көліктік жобаларды қарастырды.

 «Дженерал Электрик» – Қазақстан Республикасындағы шетелдік ірі компанияның бірі. Оның клиенттері мен серіктестері қатарына өңірде 200-ден астам компания және ұйымдар кіреді. «Дженерал Электриктің» Алматыдағы өкілдігі 1994 жылы ашылды.

Барлық жаңалықтар