Н. Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында өткен көрмеге қатысты

11 Маусым, 2014 17:50
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы тәрізді жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту және қала сыртындағы Borovoe country club коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондай-ақ Назарбаев Университетінің ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары көрсетілді. 

 

Барлық жаңалықтар