Алматыда өнеркәсіп және дизайн көрмесі ашылды

11 Маусым, 2014 19:07
Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов жыл сайынғы халықаралық «Мебель және Интерьер», «Архитектура және Дизайн», «Орман және ағаш өңдеу» атты халықаралық көрмені ашты.

 «Алматы экономикасының маңызды салаларының бірі - өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде мебель мен ағашөңдеу өнеркәсібі. Бұл саланы дамыту өнім сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сонымен қатар мегаполис пен жалпы Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал ететін болады», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы аталған көрмені жыл сайын өткізу Алматы үшін дәстүрге айналған деді. Мұнда компаниялар ағаш өңдеу саласындағы қол жеткен табыстарын паш етіп, түрлі ақпараттар алмасады, тәжірбие бөліседі, бизнес-байланысты нығайтады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Көрме маусымның 11-14 күндері аралығында «Атакент» көрме аумағында өтеді. Көрмеге 130-дан астам кәсіпорын, Ресей, Австрия, Германия Италия мен Қытай, Түркия сияқты 16 жақын және алыс шетелдерден келген компаниялар, 40-қа жуық алматылық кәсіпорындар өз өнімдерін қойған.

Барлық жаңалықтар