АММ бірқатар мамандандырылған шараларды біріктіреді

11 Маусым, 2014 16:40
Бүгін V мерейтойлық “Astana Mining & Metallurgy Congress” халықаралық конгресі бірқатар мамандандырылған шараларды біріктіреді.

Ең алдымен АММ шеңберінде «Қазақстан Республикасы VOLKWAGEN  AG» жұмыс тобының 1 мәжілісі, «ТКМК жаңғырту құралы - энерготиімділік» атты дөңгелек үстел өтті.

Сонымен қатар, «ТКМК арналған Швед инновациялық технологияары» атты тау-кен металлургия компанияларының форумы, «Өнімділік - 2020» бағдарламасы шеңберінде  тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарын жаңғырту» атты дөңгелек үстел және тағы басқа маңызды шаралар көзделген.

Оның үстіне  4 бөлімнен тұратын және 50 компания қатысатын “Astana Mining & Metallurgy” көрмесі де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін  Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында V мерейтойлық  “Astana Mining & Metallurgy Congress” халықаралық конгресі басталды. Шара 13 маусымға дейін жалғасатын болады.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар