- Басты
- Жаңалықтар
- Тегін оқитын студенттер санының артуы МЖС дамыту есебінен мүмкін болмақ - А.Сәрінжіпов
Тегін оқитын студенттер санының артуы МЖС дамыту есебінен мүмкін болмақ - А.Сәрінжіпов
«Бізге мемлекеттің жоғары білім қызметтерін өтеуге қатысуының қандай да бір оңтайлы саны керек. Меніңше, капиталдық шығындар жайлы айтар болсақ, әлдеқайда өзекті мәселе - бұл мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, жеке инвестицияларды тарту мәселесі болмақ, яғни корпустар, зертханалар салу және инфрақұрылымды дамыту», - деді А.Сәрінжіпов.
Сонымен қатар, ол қазақстандық студенттердің 25%-ға жуығы бюджет қаражаты есебінен білім алатынын атап өтті, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.
«Ирландия тәжірибесі бар, онда барлығы тегін білім алады, 100%, бірақ біз қаржы дағдарысынан кейін бұл жүйеге қатты әсер ететінін білеміз. Америкада мемлекеттің қатысуы төмен шығар, бұл жоғары білімге қолжетімділік мәселесіне кері әсер етеді. Мұнда бізге жоғары білім қызметтерін өтеуге мемлекет қатысуының белгілі бір оңтайлы саны керек», - деп басып айтты ол.
Бұдан өзге, ол жоғары білімнің қазақстандық жүйесінде меценаттық тетігін дамыту қажет екенін атап өтті.
«Мұнда бізге меценаттық, жұмыс берушілердің түлектерге қаражат салу тетігін дамыту қажет. Бұл аса маңызды мәселе. Сондықтан,бұл шығындарды шегеруге жатқызатындай салықтық ынталандырулар жасау қажет, жалпы giving back мәдениетін дамыту керек, сонда түлектер болашақта өз жоғары оқу орындарына қолдау көрсете алады», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді