- Басты
- Жаңалықтар
- Республикалық бюджетке 2013 жылы шамамен 5,2 трлн теңге түсті – Б.Сұлтанов
Республикалық бюджетке 2013 жылы шамамен 5,2 трлн теңге түсті – Б.Сұлтанов
«Қазақстанның республикалық бюджетіне 2013 жылы шамамен 5,2 трлн теңге түсті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 7,8% артық. Бастапқыда корпоративті табыс салығы айтарлықтай үлкен болды. Осы салық түрі бойынша бюджетке қаражат түсімі 41,6 пайызға артады деп болжанғанымен, экономиканың мұндай қарқынмен өспейтіні анық. Сол себепті бюджетті нақтылау барысында КТС жоспары азайтылып, барлық сала бойынша ол көрсеткіш 14% өсті», -дейді ҚР Үкімет басшысының орынбасары – ҚР қаржы министрі Б.Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам кәсіпкер жалпы құны 28 млрд теңгеге субсидия алды. Ал олардың КТС 17 млрд теңгені құрады.
«Еркін экономикалық аймақтан түсім көлемі 35% артты. ҚҚС жоспары 7,3% пайыз артығымен орындалып, 91 млрд теңгеге көбейді. Ал республикалық бюджет шығыны 5 трлн 91 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардың 99,3%-ына тең», - дейді ол.
Сонымен қатар, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Кедендік одақ елдерінен баж салығы жоспардағыдан азырақ түсті. «Алайда соңғы төрт жылдық көрсеткіш жаман емес. Яғни 97 млрд теңгені құрайды», - дейді Б.Сұлтанов.
Жалпы, 2013 жылғы кірістің орындалуы бірқатар факторларға байланысты болды. Атап айтар болсақ, олар экспорт баж салығының артуы, металл бағасының төмендеуі, ҚҚС қайтаруын бақылауды күшейту, салық процедураларын қысқарту.
Камила Амирова
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды