• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада медбикелерге жұмыстың қазіргі заманға сай әдістері жайлы айтылады

Астанада медбикелерге жұмыстың қазіргі заманға сай әдістері жайлы айтылады

1 Қыркүйек, 2013 00:00
Астана қаласында 2013 жылғы маусымның 17-сі мен 21-і аралығында «Медбикелік қызметтің қазіргі заманғы сауалдары» атты республикалық оқу семинары өтеді.

Семинарға медбикелік қызметтің жетекшілері, астаналық және аймақтық (ОҚО, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облысы, Павлодар) медициналық мекемелердің негізгі және аға медбикелері қатысады.

Бір апта барысында қатысушылар медбикелік жұмыстың қазіргі әдістерін, атап айтсақ поликлиникалық жағдайдағы медбикелік қызмет сапасын қамтамасыз ету, қатерлі ісік ауруы профилактикасын, госпитал менеджменті туралы білетін болады.

«Денсаулық сақтау менеджментінде ең маңызды сұрақтардың бірі – мамандар дайындау мен орта медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру, – дейді ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Медициналық  технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті Тимур Сұлтанғазиев. – Өкінішке орай, бүгінгі таңда республикада орта медицина қызметкерлері ескішілікке сүйенеді. Медицинаның дамуы мен мамандар дайындау барлық деңгейде қатар жүруі тиіс. Медицина саласында өз ісінің мамандары жоқ болған жағдайда, ешбір ноу-хау пайда келтіре алмайды».

Оқу кезеңі (54 сағат) аяқталған соң қатысушыларға Израиль Республикасының мемлекеттік үлгісіндегі халықаралық сертификаттар табыс етіледі.  

Барлық жаңалықтар