- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Эстониямен сауданы өзара көтермелеу туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс Эстониямен сауданы өзара көтермелеу туралы келісімді ратификациялады
«Бұл келісімге 2011 жылғы 20 сәуірде Таллинде Қазақстан Президентінің Эстония Републикасына мемлекеттік сапары аясында қол қойылды. Келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісімде экспроприация, инвесторға өтемақы төлеу және дауларды шешуге қатысты нормалар қарастырылған. Сондай-ақ, келісім тараптар арасындағы дауларды шешу мақсатында ұйымдастырылатын халықаралық төрелік соттарды қалыптастыру рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейтін ережелерді қамтиды», - дейді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
Министрдің мәліметіне сүйенсек, 2005-2013 жылдар аралығында Эстония Қазақстан экономикасына 48,3 млн доллар инвестиция тартқан. Ал осы кезеңде қазақстандық инвесторлар Эстония экономикасына 1,3 млн АҚШ долларын инвестициялаған.
2013 жылы қазақстан-эстония сауда айналымының көлемі 34,4 млн АҚШ долларына жеткен. Былтыр Қазақстаннан Эстонияға 4,7 млн доллардың өнімі экспортталып, Эстониядан Қазақстанға 29,7 млн доллардың өнімі әкелінген.
Камила Амирова
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары