- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы өтуде
Астанада Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы өтуде
Назарбаев Университетiнiң пiкiрталас алаңдарында Қазақстанның жетекшi ЖОО ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд, Фукуа атындағы Бизнес мектептерi мен Дьюк университетiнiң ғалымдары бас қосады.
Назарбаев Университетінде хабарлағандай, шараға ҚР вице-премьерi Гүлшара Әбдiқалықова, ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, Назарбаев Университетiнiң президентi Шигео Катсу, Беларусь Республикасының Бiлiм министрi Сергей Маскевич қатысады деп күтiлуде.
EHELF – мәндi баяндамалар ұсыну, жоғары бiлiмнiң өзектi мәселелерi бойынша пiкiрталас жүргізу және бiлiм беру жүйесiнiң жаһандық трендтерiн анықтайтын танымал алаң. Форумның шетелдiк қонақтары панельдiк сессия барысында университтердiң бизнес-табыс тәжiрибелерiмен бөлiседi.
«Биыл форум қатысушыларының арасында қазақстандық студенттер қатар шетелдiк студенттер де қатысуда. Олардың арасында Еуропалық студенттер одағының басшысы, бүкiл Еуропа студенттерiнiң мүддесiн қорғаушы, iрi парламенттiк пiкiрсайыстардың тұрақты қатысушысы Рок Приможич те бар», - делінген хабарламада.
Айта кетейiк, Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға арналған бiлiм берудi реформалаудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру» Жол картасының нәтижелерi ұсынылады.
III Еуразиялық форумы екі күнге, яғни 11-12 маусым аралығында өтеді.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда