ШҚО-да өтетін жерлестер форумына Қазақстан мен Ресей өкілдері қатысады

11 Маусым, 2014 09:46
Жерлестер форумы 13 маусымда Өскемен қаласында өтеді.

ШҚО-ның ақпараттық орталығынан хабарланғандай, форумға елімізден және аймақтан жырақта өмір сүріп жатқан 60-тан астам жерлестер қатысады. Олардың ішінде РФ  Ғылым, білім, мәдениет пен ақпараттық саясат федерациясы кеңесінің комитет төрағасы  Зинаида Драгункина,ҚР Парламентінің депутаты Бірғаным Әйтімова мен  Нұртай Сабильянов, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің ірі кәсіпкерлері бар.

Шара аясында көрме мен пленарлы отырыс өткізіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Ауқымды шараны ШҚО-ның жетім және көп балалы отбасынан  шыққан балаларға арналған салтанатты кеш аяқтайтын болады. Мерекелік концерт Анапа қаласының «Русь» санаторийінде өтеді. Балаларға жолдаманы Зинаида Драгункина басқаратын «Благовест» халық көмегі орталығы бөлді.

Барлық жаңалықтар