ІІМ орынбасары ЕҚЫҰ ПА өкілімен кездесті

10 Маусым, 2014 17:38
ІІМ-де Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж. Күреңбеков ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Демократия, адам құқықтары мен гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитетінің төрағасы, Португалия Парламентінің депутаты И. Сантоспен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар бас бостандығынан айыру орындарындағы адам құқықтарын сақтау, бұл саладағы халықаралық және ұлттық заңнамалардың сақталуына қол жеткізу мәселелерін талқылады, деп ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

А. Күреңбеков пенитенциарлық мекемелерде ұстау жағдайларын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту, азаматтық қоғам институттарымен, халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Мысалы, ҚАЖ мекемелері мен қоғамдық-бақылау комиссияларының өзара іс-қимылы сотталғандармен жеке қабылдау өткізуден бастап, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын анықтауға бағытталған қамауға алу және бас бостандығынан айыру орындарына мониторинг жүргізуге дейінгі әртүрлі формалармен, әдістермен жүзеге асырылады.  

Барлық жаңалықтар