Қазақстан парламентшілері ТүркПА шараларына қатысады

10 Маусым, 2014 16:40
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған парламенттік делегация мамыр айының 12-13 аралығында Әзербайжанның Баку қаласында өтетін Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) шараларына қатысады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркі елдерінің парламенттік бірлестігінің құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдері кіреді. 

ТүркПА-ның алдағы жиыны Бодрумда өткен Түркітілдес елдер ынтымақтастығы Кеңесінің 4-Саммитінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты қадамдарын талқылау қажеттілігімен маңызды болмақ.  

Бағдарлама аясында ТүркПА Кеңесінің жиналысымен қатар, ұйымның 5 пленарлық сессиясы жоспарланып отыр. Шара барысында халықаралық қатынас, экономика, сауда, қаржы, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер талқыланады.

Сонымен қатар, ТүркПА комиссиясын қайта құру, олардың төрағаларын сайлау көзделген.

Сондай-ақ, Қабиболла Жақыповтың ТүркПА құрамына кіретін елдер парламенттерінің басшыларымен екіжақты кездесулері межеленген.

ТүркПА-ның пленарлық жиынының нәтижесі бойынша Баку декларациясы қорытынды құжатын қабылдау қарастырылуда.  

Барлық жаңалықтар