• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Литва денсаулық сақтау министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Литва денсаулық сақтау министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2 Қыркүйек, 2013 00:00
ҚР және Литва денсаулық сақтау министрліктері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Құжатқа қол қою 23 мамырда VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Ұлттық саясат. Денсаулық сақтауды әлеуметтік жаңғырту» сесиясы аясында өтті. 

Аталған құжатта халық денсаулығын қорғау мен нығайту саласындағы ұлттық бағдарламалардың басымдықты міндеттерін шешудегі ынтымақтастықты дамыту мәселесі қарастырылған.

Екі елдің денсаулық сақтау ұйымдары тәжірибе алмасумен қатар халыққа бастапқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, халықтың денсаулығын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, медицина ғылымы саласындағы жетістіктер бойынша ақпарат алмасу, төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық салдардың алдын алу және ескерту сынды салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытатын болады.

Сондай-ақ тараптар бір-бірінде медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мүмкіншіліктерін ұсынып, екі елдің ынтмақтастық орнатқан ұйымдары арасындағы тікелей келісім негізінде тағлымдамадан өтуге жол ашады. 

Барлық жаңалықтар