- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда көшеге жарық беру жүйесі жаңғыртылды
Алматыда көшеге жарық беру жүйесі жаңғыртылды
Кездесу барысында қала әкімі, ЕБРР басшысы және «Алматы қала жарық» комапниясының директоры Бауыржан Ибраев «Алматы қаласының көшелерін жарықтандыруды модернизациялау» жобасы бойынша жалпы сомасы 34 млн. АҚШ доллары болатын несиелік келісімге қол қойды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ахметжан Есімов Алматы мен ЕБРР-дің 2009 жылдан бастап бірлесіп жұмыс істеп келе жатқандығын, соның арқасында көлік саласында жалпы құны 120 млн. АҚШ доллары болатын 4 жобаның жүзеге асқандығын жеткізді.
«Бүгін ЕБРР-мен келісімге қол қойылған соң «Көшені жарықтандыру жүйесін модернизациялау» жобасы бастау алатын болады, бұл Қазақстанның Жасыл экономика стратегиясына сәйкес келеді», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы бірігіп жұмыс істеу арқасында Алматының көптеген қала шаруашылығы саласында маңызды потенциалдардың қалыптасқандығын айтты. Бүгінгі таңда ЖРК желісін, тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өңдейтін полигонды салу, қоғамдық көлікте электронды билет беру жүйесін енгізу сияқты ірі жобалардың қолға алынғандығын айтты.
Өз кезегінде ЕБРР басшысы сэр Сума Чакрабарти Алматымен іскерлік байланысты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.
«ЕБРР Алматы қаласының көшелерін жарықтандыру үшін қазіргі заманғы энергиялық жағынан тиімді қондырғыларды орнату жобасын жүзеге асыруға ынталы. Бұл жоба қалаға энергияны айтарлықтай үнемдуге қол жеткізеді. Біз қазірдің өзінде тығыздалған табиғи газбен жүретін 400 экологиялық таза автобустар мен 200 троллейбус сатып алуды қаржыландырып қойдық», - деді Сума Чакрабарти.
Көшені жарықтандыру ісіне әкімдік энергияның 25 пайыздық үлесін жұмсауда. Жаңа тиімді әдіс жүзеге асса көшені жарықтандыру мен электр энергиясын пайдалану 30%-ға үнемделетін болады.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі