- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан келген әріптесімен кездесті
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан келген әріптесімен кездесті
ЕҚЫҰ ПА-дағы Қазақстанның парламенттік делегациясының мүшесі, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбеков португал әріптесінің Астанаға алғашқы сапарын құптай отырып, ЕҚЫҰ қызметіндегі барлық үш өлшемінде күшейту жөніндегі Парламенттік Ассамблея басшылығының күш-жігерін Қазақстан тарапы жан-жақты қолдайтынын нақтылады. «Хельсинки+40» процестерін» біз жаңару, тиімділікті және біздің Ұйымның беделін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырамыз» - деді сенатор.
И.Сантуш жылы шырайлы кездесулер үшін депутаттарға алғыс айтып, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы қазақстандық делегацияның белсенді жұмысын атап өтті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы дамуын оң бағалай келіп, ол Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығы қарсаңында Ассамблеяның аймақтағы елдермен ынтымақтастықты үдетуде Астананың оң рөліне сенім артатынын жеткізді.
Кездесу барысында сондай-ақ Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитетінің аясындағы Қазақстан мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бірлескен жұмыстарындағы басымдықтар да талқыланды.
Кездесу қортындысы бойынша тараптар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының биылғы 28 маусым - 2 шілде аралығында Бакуде болатын ХХІІІ жыл сайынғы сессиясы қарсаңында өзара іс-қимылды үдетуге уағдаласты.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар -
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай -
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Коронавирус: Кез келген препараттың кері және жанама әсері болады -
Армениядан әкелген көлікті тіркеу жеңілдетілді -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
С.Бүркітбаева: Вакциналар елге келген соң әр сериясы мен топтамасына бақылау жүргізіледі -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті