• Басты
  • Жаңалықтар
  • Гонконгтағы ITE көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырады

Гонконгтағы ITE көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырады

10 Маусым, 2014 19:40
Қазақстан Республикасының Индустрия жән жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті Гонконгтағы ITE халықаралық туристік көрмесінде Қазастан стендін таныстырады.

Көрме 2014 жылдың 12-15 маусым аралығында өтеді. Шара аясында Астана, Алматы Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстары делегаттары туристік мүмкіндіктерін жұртшылық назарына ұсынады.

Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, көрме жұмысына әлемнің 40-тан астам елінің туризм саласы өкілдері қатысады.

Көрме аясында туризм саласының әлемдік тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беретін семинарлар, дөңгелек үстелдер мен сессиялар ұйымдастырылады. 

Барлық жаңалықтар