- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Корея ынтымақтастық туралы 17-і құжатқа қол қояды – СІМ
Қазақстан мен Корея ынтымақтастық туралы 17-і құжатқа қол қояды – СІМ
«Мемлекеттер арасында құрылатын жалпы келісімдердің толық пакеті шамамен 17-ні құрайды. Біз соның ішінде Балқаш ЖЭС құрылысы, Атырау облысындағы газхимия кешені мен «Жамбыл» кен орынын игеру секілді ірі келісімдерге басымдылық беріп отырмыз», - дейді А. Волков.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Темір жол мен транспорт саласындағы, білім беру саласы, әділет, орман шаруашылығы мен Қазақстанның тоғайларын қалпына келтіру, геология мен жер қойнауын пайдалану салаларында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 18-20 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбавтың шақыртуымен Корей Республикасы Президенті Пак Кын Хе келмек.
«Корей басшысының 2013 жылдың ақпан айында сайланғаны анық. Шет елдерге жасаған алғашқы сапарларының бірі ретінде Қазақстанға келуі екі ел арасындағы достық қатынасты байқатса керек. Сапар барысында Қазақстан Президентімен жоғарғы деңгейде кездесу өткізіп, кеңейтілген және тар шеңберде екіжақты құжаттарға қол қойып, кеңейтілген мәдени бағдарламаларға қатыспақ. Еліміздің бірқатар өңірлерін аралап, батырлар мемориалына гүл шоқтарын қойып, корей суретшілері мен Оңтүстік Кореядағы қазақ суретшілері еңбектерінің көрмесін тамашаламақ. Сонымен қатар, ол біздің білім берудің флагманы Назарбаев Университетімен таныспақ», - дейді.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады