- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 30 томдық салалық сөздік дайындалуда – Мәдениет министрлігі
Қазақстанда 30 томдық салалық сөздік дайындалуда – Мәдениет министрлігі
«Қазақ тілінің терминологиясын реттеу үшін жүйелі түрде ҚР Үкіметі жанында республикалық терминологиялық комиссияның отырысы өтеді. Онда терминдер бекітіліп отырады. Терминологиялық лексиканы бірегейлендіру мен терминологиялық қорды жаңа терминдермен толықтыру 30 томдық салалық қазақша -орысша, орысша-қазақша сөздік арқылы жүзеге асуда, әр сала бойынша терминдер саны 11 мыңға жеткізілді», - деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады. 39 iс-шарадан тұратын 2011-2013 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаның бiрiншi кезеңi аяқталды. Бағдарламаны Мемлекеттік тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттауға бағытталған бiрiншi бағыты бойынша бiрқатар шаралар атқарылды. Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша бiз бес деңгейлi оқыту әдiстемелiк кешенiн әзiрледiк», - делінген хабарламада.
Ендiгi кезекте мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн меңгеруді мiндеттеген дұрыс. Мұны 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде «Қазтест» жүйесiн енгiзу арқылы шешу.
Сондай-ақ терминология саласы бойынша шығарылатын сөздiктерге сараптама жасап, мақұлдайтын, халықаралық терминдердi бiрiздендiрiп, оны реттейтiн Лингвистикалық орталықтың болмауы терминтану, терминология бойынша арнайы жұмыс жүргізуге қиындық тудырып отырғандығын аталды.
«Қордаланған мәселелердi шешу үшiн терминологиялық лексиканы қалыптастыру және бiрiздендiру жөнiндегi жұмысты жүзеге асыратын Тiл комитетiне қарасты Лингвистикалық орталық ашылғалы тұр», - делінген хабарламада.
Мадина Нұрбекова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті