• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет отырысында туберкулезбен күрестің жаңа жоспары қабылданды – Г.Әбдіқалықова

Үкімет отырысында туберкулезбен күрестің жаңа жоспары қабылданды – Г.Әбдіқалықова

10 Маусым, 2014 13:18
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес шараларының жоспары қабылданғанын айтты.

«Үкімет отырысында 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес шаралар жоспары қабылданды. Бұл сектораралық ынтымақтастық пен түберкулезге қарсы жүйесі қызметінің жаңғыруы, науқастарға амбулаториялық көмектің кеңейтілуі, пациенттердің заманауи және тиімді технологиялық алдын алу шараларына қолжетімділігін арттыру», -  дейді Г.Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, Қазақстанда «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағдарламасының бірінші кезеңінің іске асырылуы өз нәтижесін әлден беріп жатыр.

«2009 жылмен салыстырғанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да халықтың өлім-жітім көрсеткіші 11% төмендеп, 1 мың адамға шаққанда 7,9 кісіні құрады. Еліміздегі күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 3,1% артып, 70,4 жылды құрады. Сонымен қатар, ана өлімі 65% азайса, нәресте шетінеу көрсеткіші 38%, туберкулезге шалдығу деңгейі 30% төмендеді», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Мадина Нұрбекова  

Барлық жаңалықтар