- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзиялық кәсіпкерлер ОҚО-да халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда
Малайзиялық кәсіпкерлер ОҚО-да халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда
Малайзиялық кәсіпкерлер оңтүстік өңірінде тұңғыш халал азық-түлік хабын құруды жоспарлауда, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімдігі өңір кәсіпкерлерінің Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея секілді Азия елдеріне бизнес сапарын ұйымдастырған болатын. Малай елінің астанасы Куала Лумпур қаласында өткізілген бизнес форум барысында ОҚО-да халал өндірісін құру және дамыту туралы идея айтылған еді.
Малайзиялық кәсіпкерлер бұл ұсынысты қолдап, облысымыздың азық-түлік өндірісімен айналысатын «Қайып ата» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС кәсіпорындарымен «Marditech» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Жақын күндері малайзиялық сарапшылар «Қайып ата» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС-нен басқа, азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барып, халал өндірісі дамуының әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстарын бастайды.
Малайзиялық делегаттардың іс-сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесу ұйымдастырылады. Онда өңірімізде халал хабын құру бағытында жүргізілген сараптама қорытындылары айтылып, алдағы уақытта бірігіп атқарылатын жұмыстар талқыға салынады.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Қазақстандық кәсіпкерлер Президент қолдауына ие - А. Мырзахметов -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
Кәсіпкерлердің жұмысына мемлекеттік құрылым заңсыз араласа алмайды – Президент -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме -
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады -
«СҚ-Фармация» логистикалық хабында қанша дәрі-дәрмек бар -
Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі -
Нұртас Адамбай: Қазақ жері мен елі арқылы байыған кәсіпкерлер көмекке шықсын