Биыл Астанада 8 мектеп пайдалануға беріледі

10 Маусым, 2014 12:02
2014 жылы пайдалануға берілуі тиіс 8 мектептің құрылысы қызу жүруде.

Жоспар бойынша мектеп құрылысы 1 қыркүйекте аяқталуы тиіс, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда Астанада №41 көше қиылысы ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы аяқталды және Л.Мирзоян көшесінде тағы бір білім ошағының құрылысы жүргізілуде.

Ш.Қалдыаяқов көшесінің оңтүстігіндегі №50 көше ауданында 1200 адамдық мектеп құрылысы,Жұмабаев көшесінің шығысы мен Сарайшық көшесінің оңтүстік бөлігінде орналасқан 1200 орындық мектеп құрылысы - пайдалануға беру уақыты 2014 жыл 1 тамыз,Есіл өзенінің сол жағалауында және т.б аудандарды құрылыс жұмыстары жүруде.  

 

Барлық жаңалықтар