Астанада Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтеді

10 Маусым, 2014 10:24
11-13 маусым аралығында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында V “Astana Mining & Metallurgy Congress” халықаралық конгресі өтеді. Конгресс күндері Тәуелсіздік сарайында «AstanaMining&Metallurgy» атты салалық мамандандырылған көрме өткізіліп, оның төрт бөліміне елуден аса компания қатысады.

Конгрестің басты тақырыбы - «Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен метталургия кешенін дамытудың негізгі факторы». Іс-шараны ұйымдастырушы - ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті.

Форумның жұмысына салалық министрліктер, ірі өндірістік және ұлттық компаниялардың, инвестициялық қорлардың, банктердің, ғылыми зертеу институттарының, салалық қауымдастықтардың, қаржы ұйымдары мен талдамалық агенттіктердің басшылары қатысады.

Конгрестің бас демеушісі мыс, бағалы металл мен қорғасынның үлкен көлемін  қосымша шығаратын ірі ықпалдасқан қазақстандық мырыш өндіруші «Қазмырыш» компаниясы болып отыр.

 

Барлық жаңалықтар