Биыл Павлодар облысында 165 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

10 Маусым, 2014 10:10
Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй– 2020” бағдарламасы бойынша 2014 жылға – 3,8 млрд. теңге қаржы қарастырылған.

Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша 2013 жылға – 3565,0 млн. теңге, 2014 жылға – 3888,182 млн. тенге қаржы қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 323,182 млн.теңгеге көп немесе 0,9 %, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі бағыты бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй: Павлодар қаласында 504 пәтерге, жалпы аумағымен 31,1 мың шаршы метр 4 тұрғын-үй құрылысы аяқталуы жоспарлануда. Жылдық енгізу жоспары 7,8 мың шаршы метр.

2014 жылы ЖӘО кезекте тұрғандар бағыты бойынша тұрғын үй, Павлодар қаласында 410 пәтерге, жалпы аумағымен 24,0 мың шаршы метр 5 тұрғын-үй құрылысы аяқталуы жоспарлануда. Енгізу жоспары 9,7 мың шаршы метр.

 

Барлық жаңалықтар