• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада алғашқы Қазақстандық Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді

Астанада алғашқы Қазақстандық Агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді

10 Маусым, 2014 09:49
Республиканың ауыл шаруашылық әлеуеті және отандық АӨК инвестициялық мүмкіндіктері 2014 жылдың 17-18 маусымында халықаралық аграрлық қауымдастықтың қатысуымен өтетін алғашқы Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ұсынылады.

Республиканың агросаласы үшін маңызды шара «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі мен AdamSmithConferences (Адама Смит Институты) британдық компаниясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтеді, деп холдингте хабарлады.

Ұйымдастырушылардың сөзінше халықаралық форум Еуропадан, АҚШ, Таяу Шығыс, Ресейден, Украина және Қазақстаннан 150 компания-потенциалды инвесторлардың басын қосады.

Қазақстанның Агроөнеркәсіп инвестициялық форумының форматы шетелдік инвесторлардан бөлек, қазақстандық бизнесқұрылымдар өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттары өкілдерінің қатысумен бірқатар тақырыптарда сессиялардың өткізілуін қамтиды. 

Сессиялардан бөлек шара қатысушылары бірлескен жобалар сұрақтарын «дөңгелек үстелдер» және «бірме-бір» форматында өтетін кездесулер өтеді, онда ұйымдардың топ-менеджерлерімен жеке байланысып, ынтымақтастық сұрақтары қарастырылады.

«Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумның» негізгі мақсаты халықаралық аграрлық қауымдастыққа «Агробизнес-2020» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған Қазақтанның ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді көрсету.

Барлық жаңалықтар