Қ.Сарыбай ОПЕК Бас хатшысымен кездесті

10 Маусым, 2014 09:36
Қазақстанның Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы Абдалла Аль-Бадримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның жаханды энергетикалық ынтымақтастықтағы рөлі, екі жақты әрекеттесу перспективалары, мұнай нарығын тұрақтандыру бойынша ОПЕК қызметі мен әлемдік энергетика нарығының ағымдағы жағдайын талқылады, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Бас хатшы Абдалла Аль-Бадри мұнай нарығының ағымдағы ахуалы туралы ақпараттандырып, ОПЕК мұнай өндіруді күніне 30 млн.баррель деңгейінде ұстайтынын атап өтті. ОПЕК бастығы жаханды энергетикалық ынтымақтастық саласында Қазақстанмен сұхбат орнатуға қызығушылық білдірді.

Тұрақты Өкіл Қайрат Сарыбай энергетикалық салада Қазақстан сенімді стратегиялық серіктес болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанның ОПЕК-пен ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын хабаралады.

 

Барлық жаңалықтар