Астанада мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі талқылануда

9 Маусым, 2014 18:11
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының әкімшілік -мемлекеттік қызметкерлері әкімшілік реформа негізінде мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін талқылады.

Астанада 2014 жылдың 9-10 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің секторлары меңгерушілерінің біліктілігін арттыру семинары өтуде.

Семинарлар барысында алынған білім саяси талдау  мен болжау, стратегиялық жоспарлау, талант-менеджмент, ораторлық өнердің дамуына септігін тигізеді, деп Академиядан хабарлады.

Жалпы, семинарда мемлекеттік органдардың тапсырыстары аясында жасақталған тәжірибелік-бағдарланған кейстар қаралды.

Тыңдаушылар алдында ҚР мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және Академияның профессорлық-ұстаздар құрымы сөз сөйледі.

Барлық жаңалықтар