- Басты
- Жаңалықтар
- Бізге өткізу нарығын кеңейту қажет– А.Перуашев
Бізге өткізу нарығын кеңейту қажет– А.Перуашев
«Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы нәтижесінде қазақстандық экономиканың құрылымы біртіндеп өзгеруде. Бұған дәлел экспорт көрсеткіштері. Менің ойымша, алдағы уақытта бұл үрдістің тек дами беретіні анық», - дейді депутат.
Оның айтуынша, «Ақжол» партиясы аталмыш процесті бақылап отыратын болады.
«Егер біз экономикамыздың дамуын қаласақ, атап айтар болсақ олар құрылыс қуаты, жаңа кәсіпкерліктердің ашылуы, жұмыс орындарының ашылуы, заманауи сапалы технологиялық өнімдердің шығарылуы, онда біз алдымен сату нарығымызды кеңейтуіміз керек. Оңтүстік пен солтүстік және батыс пен шығыстағы шекараға таяу жерлерде кәсіпорындарымызды ашатын болсақ, біздің көршілес елдерге тауарларымызды арзанға сатуымызға мүмкіндік туады. Сол себепті үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда біз машина құрылысы, құрылыс пен өзге де секторлардағы көптеген кәсіпкерліктер жобалық қуаттылығының 70-80%-ын шығаруына қол жеткіздік», - дейді А.Перуашев.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанға елде шығарылып жатқан өнім көлемінің қажеттілігі жоқ. Сол себепті біздің мол өндіріп соны сата алуымыз маңызды.
«Егер біз сыртқы нарығымызды жоғалтатын болсақ, молынан қаржы салынып ҮИИД МБ аясында іске асырылып жатқан кәсіпкерліктерді жауып тастауымызға да болады. Енді аталмыш қаражаттың желге ұшпауы үшін стратегиямызды жетілдіріп, сату нарығымызды кеңейту керек», - дейді депутат.
«ЕАЭО аясында біз өз кәсіпкерліктеріміздің жаңа нарыққа жетуіне жағдай жасаймыз. Осы орайда кәсіпкерліктердің барынша өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Әлемдегі эпиджағдай: Чехияда шектеу шаралары күшейтілді, Қытай тағы бір қаланы түгелдей сынақтан өткізуде -
Инфекционист дәрігер: Науқастардың тілегі мен алғысы бізге күш-қуат береді -
ИНФOГРАФИКА: Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие