- Басты
- Жаңалықтар
- А.Перуашев: ЕАЭО – бүгінгі күннің әлемдік талаптарына қарай ыңғайлану
А.Перуашев: ЕАЭО – бүгінгі күннің әлемдік талаптарына қарай ыңғайлану
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында біз бәсекелестік жағынан ұтыламыз және Кедендік одақ бойынша да арттамыз. Ұлттық институционалды палатаның әрбір сарапшысымен тауар топтары бойынша сараптама жасалды. Аталмыш тауарлар шеңберінде 2012 жылғы өзара сауда айналымы 50 млн АҚШ долларынан асты. Осы тұрғыда біз 87 пайыз көрсеткішінде қазақстандық экспорттың азаюы мен Ресей мен Беларусьтен келетін импорт деңгейінің артып келе жатқынын байқаймыз. Әрине, бұлай кете беруге болмайды. Өкінішке қарай, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта өңдеуші секторды аяққа тұрғыза алмағаны анық», - дейді депутат.
Оның айтуынша, ол уақытта елдің экономикалық саясаты барынша либеральді болды.
«Біз өз нарығымызды барлығына айқара аштық. Кез келген кісі елімізде қалаған тауарын сата алатын жағдай болды. Бұл өз кезегінде елдің ішкі нарығының төмендеуіне алып келді. Оның бір пайдалы жағы, халықтың барынша сапалы тауарға деген қолжетімділігі артты. Ал өндірістік қуаттылығымыз жағынан біздің кәсіпкерліктер бәсекеге төтеп бер алмай, өңдеуші кәсіпкерліктер кенже қалды. Енді Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен алдымыздан тағы бір мүмкіндік ашылып отыр. Бұл жерде тағы экономикалық процестердегі ашықтық факторы да маңызды рөлге ие», - дейді А.Перуашев.
Айта кету керек, 2013 жылы Қазақстанның Кедендік одақ аясындағы тауар экспорты 2009 жылғы жалпы көрсеткішпен салыстырғанда 64% артты. Ал өңдеуші және тауар өнеркәсібі өнімдерінде бұл көрсеткіш 97% деңгейіне жетті.
«Бұл біздің дұрыс бағытта жүріп бара жатқанымызды көрсетеді. Нәтижесінде жалпы экспорттағы өңдеуші өнімнің үлесі 45 пайыздан 54 пайызға жетті. Бұл бір жағынан бізге пайдалы, осы уақыт аралығында Қазақстан Еуроодақтың Италия мен ҚХР елдеріне де экспорты тасымалын арттырды», - дейді ол.
«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы бүгінгі күннің әлемдік талаптарына қарай ыңғайлану болып табылады», - дейді депутат.
Мадина Нұрбекова
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады