- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балық ресурстары мен су жануарларын қорғауға қатысты меморандумға қол қойылды
Астанада балық ресурстары мен су жануарларын қорғауға қатысты меморандумға қол қойылды
Кеңес отырысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ, «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосу барысында Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық популяцияларын сақтау және қалпына келтіру шаралары, спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту, сондай-ақ бөтен кірме балық түрлерінің Балқаш-Іле су бассейніне инвазиясына қатысты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы арасында балық ресурстары мен су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеттесуі жөніндегі меморандум қабылданды.
Құжатқа Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және «Казахрыбхоз» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Владимир Бобров қол қойды.
Меморандумның мақсаты - мемлекет пен қоғамның балық ресурстары мен су жануарларын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау және оларды тұрақты пайдалануда, тиімді және заң талаптарына жауап беретін басқарушы шешімдерді қабылдауда, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды болдырмау ісіндегі күштерін біріктіру.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер