Астанада «Қалалар айқасы» фестивалі өтеді

9 Маусым, 2014 12:05
7 шілде Бейбітшілік және келісім сарайында әзіл-сықақтан «Қалалар айқасы» халықаралық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Астана күні мерекесі аясында Астанада алғаш рет «Қалалар  айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтеді. 

Тек бір күн ғана Астана шексіз шат күлкінің шаңырағына айналады. Қыран-топан күлкіге батыратын жекпе-жек барысында Ресей мен Қазақстанның танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы,  «Лица Столицы», «KZландия» скетч шоуы енгізілген. Сонымен бірге «Наша Rusia», «Comedy Club» тележобаларының авторы «Comedy Club» айтулы мүшесі - «Семен Слепаков», КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысады. 

Барлық жаңалықтар