- Басты
- Жаңалықтар
- Мұнай және газ министрі БҚО нысандарының жұмысымен танысты
Мұнай және газ министрі БҚО нысандарының жұмысымен танысты
Орал қаласы әкімдігінің хабарлауынша, министрдің БҚО сапарының мақсаты Қарашығанақ пен өзге де кен орны және мұнай нысандарының жағдайымен танысу, сонымен қатар үдемелі индустриялды-инновациядық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларының іске асу барысымен танысу.
«Біз жыл соңына дейін Қарашығанақтағы өндірістің жоспарға сай орындалатынан үміттіміз. Сонымен қатар, біз Ақсай индустриялды паркіне барып, Қарашығанақ жобасының қажеттілігіне құрылғы дайындау жұмыстарымен таныстық. Бұл жерді мен осымен үшінші рет көріп отырмын, айтарлықтай алға ілгерілеушіліктер бар. Енді осы жұмыстарды арттыруды ойластырып отырмыз. Индустриялды парк көптеген инвесторлардың кен орындарында қазақстандық қамтуға қаншалықты көңіл аудару қажеттілігіне мысал бола алады. Онда қазақстандық қатысумен бірлескен кәсіпкерліктер қолға алынуда», - дейді министр.
Ұ.Қарабалиннің айтуынша, министрлік делегациясы облысқа үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен танысу мақсатында келген. Сонымен қатар, тағы бір мақсаты күн тәртібіндегі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Осының барлығы ҮИИД МБ-на енетін нысандардың жағдайы туралы баяндамаға енгізілді. Қазіргі таңда бағдарламаға «Конденсат» АҚ зауытын кеңейту жобасын енгізу жайы талқылануда.
«Біз мердігерлермен газ жән мұнай құбырларында пайда болған ақауларды жою жұмыстарының жоспарын талқылаудамыз. Аталмыш жұмысты маусым айының соңына дейін бітіру керек. Сол кезде Қашағанның қашан жұмысқа кірісетіні белгілі болады. Біздің алдын ала есептеулер бойынша, 2015 жылдың соңына дейін өндіріс жаңартылмайды. Ал Қашағанның қажетті өндірісті атқара алмауынан біз қалған нысандарды толықтай игеруіміз қажет», - дейді министр.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы