• Басты
  • Жаңалықтар
  • Семейдің ірі кәсіпорындары бизнестің жауапкершілігі туралы меморандумға қол қойды

Семейдің ірі кәсіпорындары бизнестің жауапкершілігі туралы меморандумға қол қойды

9 Маусым, 2014 09:44
Семей қаласының басшылығы ірі өндіріс кәсіпорындарымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандумға отырды.

Бұл келісімнің мақсаты - инвестиция тарту, кәсіпорындардағы жалақыны көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету және барлық шараларға  атсалысу  болып табылады, деп Семей қаласы әкімдігінен хабарлады.

«Шаһардың ірі 9 кәсіпорындары біздің ұсынымызды  қолдап отыр. Бүгін біз 4 кәсіпорынмен келісімге қол қойдық. Бұдан басқа 37 өндіріс ошағы Президенттің тапсырмасы жалақыны өсіруге келісім білдіруде. Қазіргі таңда біз арнайы жобаны жасақтап қойдық, менің ойымша оның барлығы  қолдау табады», - деді қала әкімі Айбек Кәрімов.

Әкімдікпен Меморандумға «Силикат»ЖШС, «Асбоцемент зауыт» ЖШС, «Қаражыра» ЖШС, «Қазполиграф»ЖШС  отырды.

Семей қаласының әкімі атап өткендей, бұл кәсіпорындар ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Олардың демеушілік көмегі 5 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін барады.

Барлық жаңалықтар