Ханойда қазақ-вьетнам қатынасы талқыланды

8 Маусым, 2014 14:32
Ханойда Қазақстан Республикасы Елшісі Бекетжан Жұмахановтың Премьер-Министрдің орынбасары – Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрі Фам Бинь Минмен кездесуі өтті.

ҚР СІМ хабарлауынша, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық екіжақты және көпжақты қатынастың бүгіні мен болашағын талқылады.  

Вьетнамда Қазақстан Елшілігінің ашылуына орай Фам Бинь Минь сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму болашағын айта келіп, Вьетнамның Кедендік одақпен еркін сауда аймағын құру мәселесіне тоқталды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың арнайы 2017-2018 жылдары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын өткізу туралы хатын табыстады.

 

Барлық жаңалықтар