• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Америка мемлекеттері ұйымының бас ассамблеясы жұмысына қатысты

Қазақстан Америка мемлекеттері ұйымының бас ассамблеясы жұмысына қатысты

8 Маусым, 2014 12:38
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация Парагвай астанасы Асунсьонда өтіп жатқан 44-інші Америка мемлекеттері ұйымының бас ассамблеясы (АМҰ БА) жұмысына қатысты.

АМҰ – америка құрлығының барлық 35 мемлекетінің басын біріктіретін ірі өңірлік ұйым болып табылады. Қазақстан аталмыш ұйымға 1996 жылдан бастап тұрақты бақылаушы мемлекет, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Америка мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің алдында сөз алған қазақстандық делегация басшысы ҚР-ның өңір елдерімен байланысының нығайып келе жатқанын айтты.

Жалпы, Бас ассамблея алаңында Е.Ашықбаев АМҰ мүше мемлекеттер делегациясы басшыларымен 25 кездесу өткізді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚР кандидатурасын 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өткізу мен Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің визасыз режимін либерализациялау болды. 

Барлық жаңалықтар