ЕАЭО табысты көбейтуге мүмкіндік береді – СҚО кәсіпкері

8 Маусым, 2014 10:32
Кәсіпкер ретінде ЕАЭО-тың кәсіпкерліктерге барынша табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін айта аламын, дейді СҚО кәсіпкері Сайран Хамзин.

«Кәсіпкер ретінде ЕАЭО-тың кәсіпкерліктерге барынша табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін айта аламын», - дейді СҚО кәсіпкері Сайран Хамзин экономикалық одақтың пайдасын айта отырып.

Кәсіпкердің айтуынша, оның компаниясы қазақстандық нарықта 15 жыл бойы еңбек етіп келеді, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының ресми сайты.

«Біздің «Петропавлда жасалған» өніміміз РФ-ның көршілес облыстарында кеңінен танылған және шет елдік бәсекелестерінен кем түспейді. Енді бізге қосымша өткізу нарық керек», - дейді кәсіпкер.

Соңғы кездері компания көршілес нарықтарға шығуды жоспарлап отырған қонақ үй бизнесі бойынша «PARK HAUS» брендімен жұмыс істей бастады. Осы орайда кәсіпкер ЕАЭО елдерінің жоғары білікті мамандарын жұмысқа алуға ниеттеніп отыр.

«Бүгінде компания дамып, РФ қалаларында қазақстандық «PARK HAUS» брендін ілгерілетуді жоспарлап отыр. Ол үшін біз лицензия алып, тіркеліп қойдық», - дейді Сайран Хамзин.

Барлық жаңалықтар