К.Мәсімов Украина Президенті П.Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты

8 Маусым, 2014 10:02
Бүгін Киевте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Украинаның жаңа сайланған Президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz порталы

Украинаға сапары аясында Кәрім Мәсімов сондай-ақ бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Украинаның Премьер-Министрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қазақстандық-украиндық қарым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды. 

Еуропалық Кеңес төрағасы Херман Ван Ромпёймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.   
 

Барлық жаңалықтар