- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО- жарқын болашақтың кепілі - М. Мұратханова
ЕАЭО- жарқын болашақтың кепілі - М. Мұратханова
«Үш бірдей мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Астана қаласында қол қоюы Қазақстан халқы үшін тарихи әрі маңызды оқиға болып табылады. Бұл тең дәрежелі егеменді мемлекеттердің экономикалық дамуының жаңа перспективаларының тиімді жүзеге асуына, шағын және орта бизнестің дамуына, сондай-ақ азаматтарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қатысты мол мүмкіндіктердің пайда болуына септігін тигізеді», - деді М. Мұратханова.
Ол атап өткендей, «Біз еңбек етіп отырған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көптеген елдермен, оның ішінде осы Ресей, Беларус жоғары оқу орындарымен ғылыми тұрғыда халықаралық байланыс жасап отырады, бірақ Шарт негізінде осы мемлекеттер арасындағы ғылыми қызметтестіктер жаңа серпінмен жан-жақты бағыттар бойынша аумағын кеңейтетіні сөзсіз».
Еуразиялық интеграцияның басымдылығын үш мемлекеттің де азаматтары, оның ішінде жастар толықтай бағалай білуі керек деп ойлаймын. Бұл біріншіден, осы білім жолындағы жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндіктер, дейді ол.
«Олар осы үш мемлекет арасында емін -еркін жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға және біліктілігін жоғарылату үшін тағылымдамалардан өтуге жағдай жасалады. Және бұл жерде айта кететін маңызды мәселе, біздің Қазақстанның Жоғары оқу орындарының дипломымен осы аталған мемлекеттерде еш кедергісіз жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Ал, керісінше Ресей, Беларус мемлекеттерінен Қазақстанға келіп білім алуларына немесе бірігіп ғылыми ізденістер жасап, әртүрлі ғылыми жобаларға, конкурстарға қатысуға мүмкіндік туады», - деді ол.
Қорыта айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы бұл тарихи Шарт білім жолындағы жастарға, жалпы Қазақстан халқына жарқын болашақ, кең мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз, деп атап өтті ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары