- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Германияның құқықтық ынтымақтастықтығы артады – Бас прокуратура
Қазақстан мен Германияның құқықтық ынтымақтастықтығы артады – Бас прокуратура
Берлин қаласына сапары барысында Ұ.Байжанов Әділет министрлігі халықаралық қылмыстық құқық департаментінің басшысы Хайди Нойхауспен және Федералдық Сыртқы істер министрлігінің «Еуропа Кеңесі» тобының жетекшісі Йенс Густпен келіссөздер жүргізді. Аталған кездесулердің күн тәртібінде құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы конвенциясына Қазақстанның қосылуы тұрғысындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Өзара мүдделерді қамтитын бірқатар мәселелер бойынша байыпты пікір алмасылып, сонымен қатар құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейте түсудің болашағы талқыланды. Ағымдағы өзара іс-қимылдың сындарлы сипатта жүріп жатқандығын атап өткен тараптар өзара құқықтық көмек көрсетудің келісім-шарттық негізін кеңейте түсуге ықылас танытты.
Неміс тарапы Қазақстанның Еуропа Кеңесінің мақсатты конвенцияларына қосылу үшін жұмсап жатқан күш-жігерін қолдай отырып, алға қойылған мақсаттарға жетістікпен қол жеткізуге тілектестік білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды