Астанада ҰБТ-ның алдын-ала қорытындысы шықты

7 Маусым, 2014 14:35
Алдын- ала ақпарат бойынша Астанада «Алтын белгіні» 90 түлек ақтады.

ҰБТ-ға 4042 түлектің 3252-і қатысты. Ол жалпы түлектердің 80,5 пайызын құрайды, деп «Бәйтерек» медиа-орталығында хабарлады.

790 түлек дәстүрлі емтиханнан өтті. Оның ішінде 362 оқушы халықаралық және ғылыми шаралардың жеңімпаздары. 17 қорытынды сынақтан денсаулығына байланысты босатылғандар, сондай-ақ, алыс жақын шетелге оқуға түсуге ниеттілер.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Алтын белгіні» ақтағандар саны – 90. 9 оқушы бұл атаққа 1 балл жете алмады. Үздік куәлік алғандар саны – 23», - делінген хабарламада.

Қала бойынша орташа балл 87,58 құрады. 100-ден 124 баллға дейін 1081 оқушы алды. 2013 жылы ол 629 тең болған.

Республикалық апелляция қызметін жалғастыруда, нақты көрсеткіштер 2014 жылдың 15 маусымында дайын болады. 

Барлық жаңалықтар