Астанада электронды шығындарды жинайтын жоба іске қосылды

7 Маусым, 2014 10:03
Елордада электронды шығындарды жинайтын жоба ашылды, ол Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған. Оның таныстырылымына Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой қатысты.

«Электронды қоқысты» жинайтын акция Астана және Қарағанды қалаларында өтеді, деп ведомствода хабарлады.

Электронды техника дүкендер жүйесінде істен шыққан электронды қондырғыларды жинайтын жәшік орнатылады. Шараның мақсаты – «жасыл» жоюды адам мен қоршаған ортаға зиян тигізбей жүзеге асыруды тәжірибеде сынап көру.

Айта кетерлігі, жобаның таныстырылымы ҚР Үкіметі, Samsung Electronics Central  Eurasia және БҰҰДБ бірлескен жобасы арқылы жүзеге асты. Ол ҚР-ның жасыл экономикаға өту тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

 

 

Барлық жаңалықтар