- Басты
- Жаңалықтар
- Терминологиялық сөздік: Бүкілқазақстандық бірегейлік
Терминологиялық сөздік: Бүкілқазақстандық бірегейлік
Қазақстандықтардың өздерін ортақ мемлекет – Қазақстан Республикасы азаматтары мен біртұтас халқының бөлігі ретінде сезінуі мен тиесілі етуі, тұрғылықты халық арасында бірегейліктің өзге түрлері ішіндегі азаматтық бірегейліктің басым түсуі.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы» жаңа Жолдауы Қазақстанның посткоммунистік транзитіндегі үлкен үдерістің аяқталуын көрсетті, бұл транзит негізінен үш бағыт бойынша жүрді: нарық қатынастарын енгізу, жаңа саяси институттарды құру, қоғамдық сананы өзгерту.
Қоғамдық сананың түбегейлі өзгеріске түсуі бірінші кезеңде қоғамның, бейне-леп айтқанда, «мәдени зақым алуынан» сауығуымен байланысты болды. Аталмыш құбылысты ашқан автор – П. Штомпка, ол оның нышандары ішінде бірегейлік (идентичность) дағдарысын, сенімсіздік синдромының пайда болуын, халықтың селқостығын бөліп көрсетті. «Мәдени зақым» факторы наразылық деңгейінің, халықтың қалыптан тыс ұлғайған саяси белсенділігінің өсуіне, со-нымен қатар, әлеуметтік ыдырауға, құлдырауға (алкоголизмнің, нашақорлықтың, қылмыстың, ажырасудың, суицидтің өсуі) үлесін қосты.
Мәдени зақымның нәтижесіне кеңес адамы, коммунист, партия, СОКП, Ленин сияқты бірігейліктерді қоса алғандағы, оның тұтастай қабаттары тоқырауға ұшырайды. Өткен дәуірдің құндылықтары мен идеалдары бір мезетте құрдымға кетті. Осының нәтижесінде, адамдар ұзақ мерзімді болашаққа бағытталуды доғарды. «Уақытша» құбылыстар пайда бол-ды.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдеріндегі мемлекеттік институттардың әлсіздігі қоғамның өзін өзі реттеу күштерінің пай-да болуына, ал олар өз кезегінде, формальді емес қозғалыстарға, ұйымдасқан қылмыстың өсуіне алып келді. Халықта идеологиялар мен партияларды орнықты қабылдамау сезімі қалыптасты. Жаппай аман қалу кезеңі келіп, анағұрлым берік әлеуметтік топтардың қоғамдық іріктелуінің өзіндік тетіктері пайда болды. Жаңа ұлттық мемлекеттің элементтерін көтере алмаған титулды емес этностар үшін аман қалу әдісі миграция болды.
Ендігі кезде, мемлекет тәуелсіздігін алғалы бері ширек ғасырға жуық уақыт өткен соң, негізгі үдерістер нақты көрініс бере бастады. Мәселен, экономикалық өсім үдерісі, партиялар қызметтері, Парламент, үкіметтік емес ұйымдар. Осылардың аясында «орныққандар» – Қазақстанның жаңа азаматтары, жаңа қауымдастық болып табылады. Бұл туралы 2013 ж. сәуірінде өткен медиа-форумда Тұңғыш Президент – Елбасы нақты баяндаған болатын.
Осылайша, қазіргі таңдағы біздің қоғамымыз әлеуметтік және партиялық ұйымды мұра қылған ескі қоғамның қалдығы емес. Тәжірибе, әдеттер, құндылықтар, ойлар, тіпті бағыттар да өзгерді. Адамдар арасында жақындастықтың орнауы, сенімсіздіктің жойылуы мен қашықтықтың азаюы орын алды. Бұған ішкі салиқалы саясат, этносаралық және конфессияаралық келісім, экономикалық өсім, ақырында адамдардың өмір сүру деңгейінің артуы үлестерін қосты.
Осыған орай, азаматтарының мүдделеріне сай болғандықтан, мемлекет тартымды бола бастады. Сол себепті де республика тұрғындарының бірегейленуі де түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егер, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде қазақстандықтардың 86% пайызы ескі жүйеден тыс өмірді елестете алмай, абдыраған күйде болса, қазіргі таңда олардың 84% сенімді түрде Қазақстан Республикасының азаматтығы бірегейліктің негізгі өлшемі болып табылады деп есептейді.
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық портал базасында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050»: Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша интерактивті терминологиялық анықтамалықты таныстырылған болатын. Терминологиялық сөздіктің толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.
-
«KazakhStan for Peace» жастар қозғалысы Қазақстанға бірегейлікті алып келді – Денисенко (БЕЙНЕ) -
К.Ақтаева: Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері - елдің ұлттық бірегейлік элементі -
Г.Әбдіхалықова: бірегейлік пен бірлікті нығайту жұмысы ҚХА үйлестіруі арқылы жүргізілуде -
Бірегейлікті қалыптастыру мәселесі – бұл үлкен саяси маңыздылықтың стратегиялық мәселесі – сарапшы (ВИДЕО) -
Б. Аяған: Жалпыұлттық бірегейлікті нығайту міндеті – Ұлт жоспарының басты мәселесі -
Н.Назарбаев: Сайлау қазақстандық бірегейлікті нығайтатын тарихи акт болды -
Мемлекет басшысы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті -
Алматыда 30 томдық екі тілді терминологиялық сөздіктер топтамасының тұсаукесері өтті -
2020 жылы қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі 100%-ға жетеді – С.Сәлемов -
Терминологиялық сөздік: Өңірлердің әлеуметтік теңгерімсіздігі -
Терминологиялық сөздік: Прогрессивті идеалдар қоғамы -
Терминологиялық сөздік: Оқушылардың функционалдық сауаттылығы -
Терминологиялық сөздік: Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік -
Терминологиялық сөздік: Су ресурстары саласындағы жаңа корпоративтік саясат -
Терминологиялық сөздік: Құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі