- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тапаев: ЕАЭО - өңдеу өнеркәсібінде көш бастаудың таптырмас мүмкіндігі
Қ.Тапаев: ЕАЭО - өңдеу өнеркәсібінде көш бастаудың таптырмас мүмкіндігі
«Интеграциялық процестер туралы сөз қозғағанда оның біздің кәсіпкерлерге берері туралы айтпау кетуге мүмкін емес. Біз ауыл шаруашылығының өнімі бидайды өңдейміз. Біздің ұнымыз «Короно» брендімен шет мемлекеттерге таратылады. Жалпы, Қазақстан әлемде нарықты ұнмен қамтамасыз етушілердің ішіндегі ірілердің бірі. Біз жыл сайын 2 млн. тонна ұн өнімдерін саудаға шығарамыз. Осы ретте, ЕАЭО туралы Келісім шартқа қол қорю бізге үлкен нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынға бәсекеге қабілетті сапалы және көп көлемде өнім өндіруге септігін тигізеді», - деді сөз басында Қ. Тапаев.
Сонымен қатар ол, қазақстандық кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
«Мемлекет либералды салық заңнамасын жасақтады. Оның үстіне банк саламызда осал емес. Бүгінде бизнеске қолдау көрсету мақсатында ірі ілкімді жоба іске қосылды. Осы мақсатта Президент Ұлттық қордан 1трлн. теңге көлемінде қаржы бөлуді тапсырды. Айта кетерлік бағдарламалардың бірі Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агробизнес - 2020» жобасы. Осында игі істердің арқасында кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібіне дендеп, өздерінің өндірісін инновациялық рейстерге көшіруге ниет білдіруде», - деп бас директор ағынан жарылды.
Қ. Тапаевтың айтуынша,зауыт бидай, ұн, макарон сияқты өнімдерді Орталық Азия елдерінің нарығында да саудаға шығаруда. Өнімнің басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, , Түрікменстан, ауғаныстан елдеріне экспортталады.
«Ал, ЕАЭО құрылғалы біз Ресей Федерациясының шикізатты аймақтарына шығуға дайынбыз. Себебі, Кедендік Одақ құрылғалы бері біздің ОРФ экспортымыз айтарлықтай өсті», - деді сөз соңында Қ. Тапаев.
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика