• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Қамшыбаев: Алматының бизнес-қауымдастықтары Беларусь пен Ресейдің нарығына шығуға мүдделі

А. Қамшыбаев: Алматының бизнес-қауымдастықтары Беларусь пен Ресейдің нарығына шығуға мүдделі

6 Маусым, 2014 18:44
Алматы бизнес-қауымдастықтары Беларусь пен Ресейдің нарығына шығуға мүдделі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша антимонополия инспекциясының басшысы Азамат Қамшыбаев халықаралық бизнес-саммитте хабарлады.

«Интеграциялық ұйымның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі кеңейтілген нарықтардағы үрдісті реттеуге тәуелді. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы кәсіпкерлік пен Қазақстанның өндірісін дамытуға септігін тигізеді. Ол елдің бизнес-саласына Ресей мен Беларусьтан инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деді А. Қамшыбаев.

Саммитте тауар мен қызмет көрсету сапасын арттыру, компаниялардағы еңбектің сапасы, экономика сұрақтары талқыланды, деп бәсекелестікті қорғау агенттігі хабарлады.

Саммит жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрлік өкілдері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері  қатысты. 

Барлық жаңалықтар