• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО білім мен ғылым саласындағы байланыстың дамуына серпін береді – А.Нұрмағамбетов

ЕАЭО білім мен ғылым саласындағы байланыстың дамуына серпін береді – А.Нұрмағамбетов

6 Маусым, 2014 19:24
ЕАЭО туралы Келісім өңірлерге білікті маман дайындау бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттемелерін іске асыруға жол ашып, өзге мемлекеттермен арадағы білім мен ғылым орталықтарымен байланысты дамытуға жаңа серпін бермек, дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Амантай Нұрмағамбетов.

«Біздің білім ордасы ресейлік ЖОО мен ғылым орталықтарымен әріптестік байланысты нығайтуда айтарлықтай мәнге ие. Таяуда ғана өңірдегі салынып жатқан зауытқа инженер мамандарын бірлесе дайындауды қарастыратын Ақтөбе рельсбөренелі зауыт пен «Мәскеу болат пен қорытпа институты» Ұлттық технологиялық зерттеу университетінің Новотроицк бөлімшесімен келісім құрылды», - дейді профессор.

Оның айтуынша, университте «Нанотехнология» ғылыми лабораториясы құрылды. Оның базасында Мәскеу электронды техника институты, Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының Жоғарғы молекулалық бірігу институты  оқымыстыларының қатысуымен бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар инновациялық сипатта.

«Жалпы, биылғы оқу жылында халықаралық академиялық мобильділік байланыс бойынша университеттің 15 студенті еуразиялық кеңістік елдерінде болып келді. Ал 80 магистр РФ, Украина мен Беларусьтің алдыңғы қатарлы ЖОО-да тәжірибеден өтті», - дейді ректор.  

«Университеттің алдағы уақыттағы жоспарларында ресейлік білім ордаларымен қос дипломды оқыту бағдарламасын игеру, бірлесе отырып дайындалатын ғылыми жұмыстар, ғылыми конференциялар санын арттыру, оқытушылар, магистрлар мен студенттердің академиялық мобильділігін арттыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту қарастырылған», - дейді А.Нұрмағамбетов.

Барлық жаңалықтар