- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде ҚДБ топ-менеджерлері бизнесті қолдау тәсілдерін түсіндірді
Ақтөбеде ҚДБ топ-менеджерлері бизнесті қолдау тәсілдерін түсіндірді
Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков ашты. Ол «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның облыс экономикасына қосып отырған үлесі жөнінде атап өтті.
Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері шақырылған. Олардың алдында «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның атқарушы директоры Абай Сарқұлов сөз сөйледі.
Оның айтуынша, Қазақстанның даму банкі өз қызметін бастағалы бергі 13 жыл ішінде еліміздің экономикасына 6 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
Бұл банк - негізінен, шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларды дамытуға бағытталған институт, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Сонымен бірге, «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ өкілдері кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді және Қазақстанның даму банкінің жаңа «Теңгемен тиімді қаржыландыру - экономика сұраныстарына жауап» стратегиясын таныстырды.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы