- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда туризмді дамытудың 5 кластері анықталды - М.Иғалиев
Қазақстанда туризмді дамытудың 5 кластері анықталды - М.Иғалиев
«Тұжырымдама халықаралық консалтингілік компаниялардың қатысуымен жасалды. Жалпы, біз дамудың 5 кластерін анықтадық: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан»,- деді М.Иғалиев.
Сонымен, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан экологиялық туризмді, Ал Алматы - тау туризмін дамыту орталығы ретінде қаралады. Оған қоса, Астана мен Алматы іскерлік туризмді дамыту орны ретінде белгіленуде. Оңтүстік Қазақстан аумағы мәдени туризмді дамыту орталығы, ал Батыс Қазақстан мәдени және «жағажайлық» демалыс орны ретінде анықталды.
Сондай-ақ, Комитет басшысы аталған кластерлер аясында ұлттық жобаларды жүзеге асыру қарастырылғанын атап өтті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.
Бұдан өзге, курорттық аймақ құру күрделі қаржы шығынының 3 элементін болжайды: сыртқы магистральдік инфрақұрылым, ішкі инженерлік және туристік инфрақұрылым, коммерциялық нысандар. Сыртқы инырақұрылымды дамыту басқа елдердің мысалында мемлекет есебінен толығымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
«Инвестициялардың экономикаларға қайтымы жаңа жұмыс орындарын құру арқылы бюджетке түсім кезінде қамтамасыз етіледі, жалпы құрылымда күрделі қаржы шығындарының үлесі шамамен 15-25%-ды құрайды», - деп толықтырды ол.
М.Иғалиев түсіндіріп өткендей, ішкі инженерлік инфрақұрылым төмен кірістілігі мен ұзақ мерзімді қайтымымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік форматында инвестициялар талап етеді. Сонымен, бұл сегментте шығындар үлесін Комитет жалпы шығындардың 20-35% көлемінде деп қарайды. Оған қоса, жылжымайтын мүлікке шығындар шамамен 50-60%-ды құрайды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды