Павлодарда «Менің Қазақстаным» облыстық форумы өтті

6 Маусым, 2014 13:24
Жастар бастамасын қорғау орталығы мен Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қаланың орталық алаңында «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы өтті, деп Павлодар қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жолдар» МҚҰ қатысқан авто-мотошеру шарасы басталды. Сондай-ақ, оған Павлодар облысының қала мен аудандарының өкілдері қатысты. Стадионға салтанатты түрде Ту мен Елтаңба шығарылды. Оны ұстап шығу мәртебесі Павлодар облысының ІІД қызметкерлері мен жетістікке жеткен жастарға тапсырылды.

Ол шарадан кейін Қазақстанның Әнұраны шырқалды, деп хабарламада нақтыланған.

Форум қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан концертпен жалғасты. 

Барлық жаңалықтар