Қазақстандық дипломат М.Жарбосынова ЕҚЫҰ жоғары лауазымына тағайындалды

6 Маусым, 2014 12:35
Қазақстандық дипломат М.Жарбосынова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында жоғары лауазымға тағайындалды.Бұл туралы СІМ-ге ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньердің хаты келіп түсті.

«Бұл Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымында жоғары деңгейде өкілдік етуі және Ұйым шеңберінде жемісті ынтымақтастық пен 2010 жылғы сәтті төрағалығымыздың нәтижесі болып табылады», - деді ол.

Оның алдында, 2013 ж. мамырда М.Жарбосынова Украинадағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісі деген маңызды лауазымға тағайындалған болатын, деп ҚР СІМ-де хабарлады.

 

Барлық жаңалықтар